ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

ТАСПАДАҒЫ ТАРИХ: МӘРТӨК АУДАНЫ

18:22, 24 маусым 2020

 Биыл - "Ақтөбе" арнасына 60 жыл! Жарты ғасырдан астам уақыт бойы көрерменге аудан, ауылдағы, еліміздегі жаңалықтарды жеткізіп, ақпарат таратып отырған арнаның мұрағаты тұрған тарих. Біз архивте сақталған құны қымбат кадрларды көрсетуді жалғастырамыз. Колхозшылардың жиналысы, тон өндіретін цехтың алғашқы жұмыс барысы мен егін жинау жұмыстары. Мәртөк ауданының тынысы келесі бейнематериалда. Кеңес Одағы кезінде облыста тері өндірісі дамыды. Ал ақтөбелік бикештер сән саласының нағыз мамандарына айналды. Оған себеп қой терісінен тігілген тон  жергілікті  "Ясан" цехында шығарылды. Цех сол кезеңдегі стиль мен терндтегі түстер гаммасын үйлестірді. 1983 жылғы кадрдан өндіріс орнының жұмыс барысын бақылауға болады. Таспада мекеменің шеберханасы мен жаңа  қазандықтар, кептіру цехы мен көрмеге дайын өнім сақталған.  Ал бұл видео 1984 жылғы Мәртөк ауданындағы "Междуреченский" совхозында түсірілген. Кадрда астықты жинау мен оны мемлекетке тапсыру көрінісі сақталған. 84-шіжылдың күзінде совхоз жылдық жоспарды асыра орындады. Соның арқасында жылдық өндіріс көрсеткіші артқан.  Осыдан 30 жыл бұрын Мәртөк ауданындағы «Жеңіс» ауылында колхозшылардың жиналысы өткен. Дәл сол күні сауыншы Нұрушеваға Ақтөбе сайлау округі бойынша депутаттық куәлігі табыс етілді. Куәлікті облыстық атқару комитетінің хатшысы Домбаев ұсынып,  депутатты құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Ал 36 жыл бұрын түсірілген бұл кадрға Мәртөк ауданы Дзержинский кеңшарының машинистері түсірілген. Бұл күні Федоров, Ткачук, Фриц және Айрих машинистерінің бригадасы тапсырманы уақытылы аяқтаған. Сөйтіп совхоз егін егуді ерте бастады. "Ақтөбе" арнасының таспадағы тарихтан сыр шертер қызықты ақпараттарын әр сәрсенбіде жаңалықтардан көре аласыздар. 

Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...