ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ТАСЖОЛ САПАСЫЗ ТӨСЕЛДІ

18:12, 11 тамыз 2020

 Алға ауданында салынып жатқан тасжол талапқа сай болмай шықты. "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен жолшылар тексеру жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттың өзінен кінәрат тапты. Мұнда суағар мүлде қарастырылмаған. Жол мен құрылыс сапасы туралы келесі бейнематериалда. 
Алға ауданы әкімдігі мен "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" өзара келісімшартқа қол қоймаған. Жол құрылысына тексеру, бақылау жүргізілмейді. Бүгінгі күнге дейін мердігер компания өз бағытымен жүріп, өз жұмысын атқарды. Бірақ қарапайым ереже сақталмаған. Жаңбырлы күні жол төселіпті. 
Алға қаласы, Желтоқсан көшесіндегі құрылыс жұмысы 10 күн бұрын басталған. Алдымен жол тегістеліп, қиыншық тас төселді. Бақылаушылар сол тастардың өзі талапқа сай келмейді деп отыр. Көлемі ірі. 
Мердігер компания өкілі құрылыс жобалық-сметалық құжат негізінде жүргізіліп жатқанын айтып, ақталды. Мұнда бюджеттен 17 миллион теңге бөлінген. 
Алдағы уақытта "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңесі аудандағы тасжол құрылысына мониторинг жүргізеді. Ал Желтоқсан көшесіндегі көп сұрақ қайта қаралады. 
Тек Алға емес, "Сапалы жол" жобасы аясында барлық аудандағы жол сапасы бақылауда болады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...