ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ АЛПАУЫТТАРЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

18:45, 12 қыркүйек 2018

Өңірдегі тау-кен өнеркәсібінің алпауыттары "Восход Ориел" серіктестігі мен "AltynEx Company" АҚ жергілікті тауар өндірушілермен қарым-қатынасты одан әрі арттыруға дайын. Бүгін "Атамекен" палатасында ашық есік күнін өткізген компаниялардың өкілдері осылай деді. Кәсіпорындардағы қазақстандық үлесті ұлғайтуды көздеген шарада кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, қажетті тауарларды дайындауға әзір екендіктерін айтты.

"Восход Ориел" мен "AltynEx Company" компаниялары облыстағы ең ірі кәсіпорындардың қатарында. Бірі жылына млн тоннадан астам кен өндіріп, оны әлемдік нарыққа шығарса, екіншісі алтын өңдеумен танымал. Өндіріске қажетті жабдықтар мен өзге де тауарларды алуда, жергілікті өндірушілермен байланыстары бар. Дегенмен, енді оның үлесін мейлінше арттыру қазір басты талап. Бұл ретте, кәсіпорындардың өзіндік шарттары да жоқ емес.    

Мұндай шара - өнім өндірушілер үшін үлкен қолдау екені сөзсіз. Әсіресе, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер өз жобаларын таныстыруға, тіпті келісімге келіп, тауарларын өткізуге мүмкіндік балады. Бүгінгі кездесу барысында өз өнімдерін ұсынғандардың қатары көп болды. Тіпті, жұмысшыларға арналған арнайы киім тігіп беруге дайын екендіктерін жеткізді. Кәсіпкерлердің ісін дамытуға қолайлы жағдай жасайтын "Атамекен" палатасы, жергілікті өндірушілердің өнімін өткізу мақсатында бұған дейін де қыруар жұмыс атқарған. Қазірдің өзінде, екі мыңнан астам тауардың тізімі жасалыпты. Оның ішінде, импорт алмастыруға мүмкіндік беретіндері де бар. Ал, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мұндай шараларды жиі өткізу керектігін баса айтты. 

Кәсіпорындардың ашық есік күндері осымен биылдыққа төртінші рет өткізілді. Бұған дейін, ашық есік күндері өңір экономикасының көшбасшылары саналатын "СНПС-Қазмұнайгаз" АҚ, "Қазхром" трансұлттық корпорациясы және "Ақтөбе мыс компаниясы" бірлесіп өткізілген болатын. Негізгі мақсат - жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы жергілікті өндірушілерді қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар