ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Тазалық айлығы - басты назарда

17:14, 13 қыркүйек 2017

Қала тазалығы - билік назарында. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс  Испанов  бүгін  14 мобильді топпен жиналыс өткізд. Еске салсақ, шаһар басшысының тапсырмасына сай  Ақтөбе қаласында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына арналған екі айлық науқан басталды. Осы мақсатта  құрылған мобильді топ тазалық талаптарын бұзғандарға айыппұл салып, ондаған көше қоқыстан тазартылды.

Облыс орталығының 85 жылдығы қарсаңында қалада ауқымды тазалық шаралары қолға алынды. Абаттандыру жұмыстары басты назарда. Облыс әкімінің тапсырмасына сай,  сенбілікке мекеме, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар,  мемлекеттік қызметкерлермен қоса қала тұрғындарын жаппай жұмылдыру қажет деді қала әкімі.

Арнайы құрылған жұмыс тобы қазір  тұрғындармен, кәсіпорындар ұжымдарымен жұмысты күшейтті. Өткен сенбіде қала сыртындағы полигонға 100 тонна күл-қоқыс шығарылды. Десек те, қала аумағы мен ауылдық округтерде тазалығы сын көтермейтін жерлер көп. Әсіресе жеке сектордың тұрғындары үйлерінің жанында қоқысты, құрылыс қалдықтарын  үйіп қойып отыр. Сол секілді шағын және орта бизнес нысандарында да тазалық талаптары сақталмайды дейді мобильді топ өкілдері.  

Екі айға созылатын дәстүрлі сенбілік биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл жолғы мақсат -  қаланы қысқы уақытқа дайындау және "Ақтөбе - құтты мекен" жерлестер форумына дейін абаттандырып үлгеру.

Ұлағат Арғынұлы, Самат Қалекенов¤

 

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...