ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСАДЫ

21:03, 22 мамыр 2020

Төтенше жағдайдан соң қоғамдық қызмет орындарына рұқсат берілгенімен, кейбірі санитарлық ережелерді сақтамай отыр. Кезекті рейдте маскасыз, залалсыздандыру құралдарын пайдаланбай қызмет көрсеткен бизнес субьектілері анықталды. Оларға ескерту берілді. Тіпті, рұқсат құжатын алмастан есігін айқара ашқандар бар. Мониторинг тобының өкілдері қаланың ескі бөлігіндегі сауда, қызмет көрсету орындарының санитарлық талаптарға сай келмейтінін айтады. Рейдтік жұмысар күнде жүргізіледі. Айта кетейік, өңірдегі мобильдік топ мыңға жуық нысандағы жұмысты тексерді. Олардың қатарында шағын сауда орындары, дәріхана, ателье, автосервис, монша, сауна, сұлулық салоны, қонақүй бар. Тексеру кезінде 79 объектіде кемшілік анықталды. Оларда дезинфекциялық кілемше, дене қызуын өлшеу құралы болмады. Арақашықтық сақталмаған. Сондай-ақ қызметкерлер,  келушілер маскалық режимді орындамады. Қайта қадағалау кезінде кәсіпкерлік субъектілерде тіркелген кемшіліктің жойылғаны белгілі болды.  Ал қызметін негізсіз және өз еркімен қайта жандандырған 7 кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатты. Оның ішінде фитнес клубы, Орталық базары, автобөлшектер сататын екі базар, сауда үйлері бар. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
16:25, 30 маусым 2020
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...