ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

15:35, 13 қыркүйек 2019

«FабрикА»  телеакадемиясы жаңа оқу жылына шәкірттер қабылдайды. Академияға білімді, жазу, оқу  сауаты қалыптасқан журналистика саласына қызығушылығы  жоғары, қабілетті оқушылар шақырылады. "Аqtóbe" телеарнасының жанынан ашылған  "FабрикА" телеакадемиясының екінші маусымы басталды. Телеарна мамандары бұған дейін 11 оқушыға білім берді.  90 пайыз тәжірибеге негізделген курсты тәмамдаған шәкірттердің дені мемлекеттік грант иегері атанды.Оның бірі - Аймереке Айтбай. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универистетінің журналистика мамандығында грант арқылы оқиды. Шығармашылық емтиханда «FабрикА» телеакадемиясындағы үйренгенін көрсетіп, өзін дәлелдеп шықты. Бұл оның «FабрикА»-ға жолдаған сәлемі. Кішкентай  Жанерке Ербол мен  Уәли Қайыров телеарнадағы балалар бағдарламасының жүргізушісі. Ал, Зере қалалық арнадағы жасөспірімдер хабарының жүргізушісі атанды. Шәкірттер жетістігі - телеарнаның білікті, тәжірибелі  мамандарының еңбегі. Олар теория оқып қана қоймайды. Сөз саптау, жазу мен дұрыс дыбыстауды үйренеді. Шығармашылыққа араласып, сюжет, хабарлар дайындайды. Телеакадемияға 7-16 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерді қабылданады. 6 ай тележурналистиканың қыр-сырын меңгереді.  Ендеше, құрметті жас дос!  Біліміңді біздің  телеарнамыздың жанынан ашылған  журналистер мектебінде  шыңдаймын десең,  8 -708- 471-72-69,                   8-705-647-75-13нөмірлеріне хабарлас!
Әлия Оразайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...