ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Телеарна ұжымы оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын сыйлады

17:17, 1 қыркүйек 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар мен мекемелерге ата-анасынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу туралы тапсырма берген болатын.

«Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясы бұл бастамадан қалыс қалған жоқ. Патронаттық тәрбиедегі 11 жастағы Әсия Жоламанованы облыстық телеарна қамқорлыққа алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында және Құрбан айт мейрамында Әсияға телекомпания ұжымы сыйлық жасады.

Әсия мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылды. Ол сабақ оқығанды қатты ұнатады, сурет салу, би билеу өнері сияқты қасиеттер бар бойында. Өнерлі қыз сондай-ақ, мектеп формасын, жылы киімдер мен аяқ киімді де сыйға алды. Жаңа оқу жылына қажетті заттар оның інісі Абылайға да табыс етілді. Телеарна ұжымы балалар үшін шағын экскурсия ұйымдастырды. Танымал тележобалар әзірленетін студияларды аралатты. Балалар тележүргізушілердің орнына отырды, телеоператор рөлінде өздерін сынап көрді.

БИБІГҮЛ БИМАНОВА, «ҚАЗАҚСТАН-АҚТӨБЕ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА РЕДАКТОРЫ

- Біздің Әсия бүгін телеарнамызға қонаққа келді. Құрбан айт және білім күні мерекелеріне орай ұжымымыз оған сый-сияпатын жасады. Бір қуаныштысы, Әсия болашақта тележурналист болуды армандайды екен. Бүгін ол студияларымызды көріп, мақсатына қол жеткізуден үмітті екенін айтты.

Айтып өтейік, біздің телекомпания ұжымы Әсияға бұған дейін, халықаралық балаларды қорғау күнінде сыйлықтар табыстаған еді. Жеткіншек қыздың жазғы демалысы да жақсы өтіпті. Ол: «Лагерьде көп достар таптым, осындай жағдай жасаған аға-апаларыма алғыс білдіремін», — дейді.

ӘСИЯ ЖОЛАМАНОВА

-Телеарнаға келгеніме өте қуаныштымын. Бәріңе көп рахмет. Жазғы демалысымды телеарна ұжымы жақсы өткізуге мүмкіндік жасады. Жаңа оқу жылында жақсы оқуға, үлгілі оқушы болуға уәде беремін

Әсия Жоламанованың атына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашылды. Оған телеарна ұжымы тоқсан сайын қызметкерлер жалақысының бір пайызын аударып отырады. Бұл игі іс Әсия 18 жасқа толғанда өз баспанасы болсын деген көптің тілегі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...