ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ТӘЛІМГЕРЛІК - ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ

18:03, 13 қыркүйек 2019

 «Тәлімгерлік - табыстың кілті». Бүгін Ақтөбеде өткен жастар форумы осылай аталды.  Шарада жергілікті жастар елордалық жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Қатысушылар қазіргі заманауи қағидаларға сәйкес түрлі салаларда сәтті дамудың құпиялары жайлы сөз қозғады. Тәлімгерлер болашақ кәсіпкерлерге көшбасшылықтың қыр-сырын айтып, жетістіктің сырымен бөлісті. Адам үнемі өзін жетілдіріп, тұлғалық дамуын арттырып отырса, алмайтын қамалы жоқ. Бұл бүгінгі форумға Әйтеке би ауданынан келген Айдынның ойы. Тарих пәнінің мұғалімі шара тек кәсіпкерлер үшін емес, өз саласының үздігі болсам дейтін әр жасқа керек дүние,-дейді. Иә, жобаның мақсаты да осы. Білімге құштар жастардың дамуына, көшбасшылық қабілетінің артуына қолдау көрсету. Кәсіпкерлік негіздермен қоса, тәлімгерлер жастарға шешендік өнерді, жеке өмірде, кәсіби қызметте де өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретті. Бұл шара осыған дейін Нұрсұлтан, Павлодар, Қостанайда өтті. Енді Шымкентте ұйымдастыру жоспарда бар дейді елордалық менторлар. Ал Ақтөбеде өткен басқосуда 4 аймақтық топтың өкілдері республика бойынша тәлімгерлер мектебін құруды ұсынды.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...