ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТЕМЕКІ ЖАРНАМАСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН

21:31, 12 ақпан 2020

 

Елімізде темекі өнімдерінің жарнамасына шектеу қою керек. Парламент мәжілісінің отырысында коммунистер осы мәселені көтерді. Қазір кез келген дүкенде кассаның түбінде, көзге көрнекті жерлерге темекі қойылады. Оның үстіне өндіруші компания кез келген жерге өнімінің жарнамасын іле алады. Осыған тоқтау салса темекі түтініне тәуелділердің саны азаяр еді дейді депутаттар. Халықаралық статистика да осыны көрсетіп отыр. Жарнамаға тыйым салған елдерде темекі шегетіндердің саны 23,5 пайызға азайған. Бұдан бөлек, коммунистік партия өкілдері электронды темекілердің статусын дәстүрлі шылымдармен теңестіру керек деді. Депутаттардың айтуынша түрлі елдердің ғалымдары ол темекілердің зиянын да дәлелдеген. Ал, жастар арасында кеңінен таралып жатқан электронды темекіні импорттау тым оңай көрінеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...