ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ТЕМІРЖОЛДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

16:37, 13 қазан 2020

Теміржол бойындағы белгілінбеген жерден өту әдетке айналған. Мамандар тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін қайталап айтқанымен, нәтиже шығар емес. Теміржолшыларға арналған жолмен өтемін деп, жазатайым оқиғаға ұрынады. Өткен аптада 17 жастағы қала тұрғынын жүк пойызы қағып кетті. Абырой болғанда жүргінші дін аман. 
Теміржол бойындағы мәселе күн тәртібіне түсер емес. Бұл маңдағы тұрғындар пойыз жолын кез келген жерден қиып өтуді дағдыға айналдырған. Өзінің өміріне қауіп, өзгеге қорқыныш төндірерін сезінбейді. Біз көрген аумақтағы өткел тек теміржол мамандарына арналған. Ескертуге құлақ аспаған 17 жастағы ақтөбелік осы жерден өтемін деп, жарақат алды. 
Мамандар кезекті рейд кезінде тұрғындардың теміржолды бей-берекет кесіп өткенін тағы анықтады. Полицияның ескертуіне құлақ асқысы келмейтіндер бар.
Полиция қызметкерлері бұл аумақтың қарапайым тұрғындар үшін аса қауіпті екенін айтады. Пойыз жоғары жылдамдықпен келген уақытта бірден тоқтай алмайды. Айта кетейік, жыл басынан бері 57 жедел тежеу дерегі тіркелген. 
Айта кетейік, жыл басынан бері 6 адамды пойыз басып кетті. Оның 3-еуі көз жұмды. Мамандар айтуын айтып, ескертіп-ақ келеді. Тек, тұрғындардың бұл мәселеде сергек болғаны дұрыс. Абай болайық!


Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...