ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

"ТӘҢІРІМЕ БІР УӘДЕ БЕРІП ЕМ"

20:30, 15 наурыз 2019

"Тәңіріме бір уәде беріп ем". Ақын, "Ақтөбе" газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы 50 жаста. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жазушының мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті. Ақынды құттықтауға елге танымал қаламгерлер келді. 

Ақтөбеде бүгін өлеңмен өрнектелген кеш болды. Себепші-"Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы. Мерейтой иесі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультетінің түлегі. Республикалық "Жалын", "Ана тілі" журналдарында бөлім меңгерушісі,"Алтын орда" газетінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қаламгерді құттықтауға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері жиналды. Ақын Маралтай Райымбекұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Есенғали Раушанов пен жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет те осында.  Әдеби кешке жиналған қауым алдымен ақын туралы, оның поэзияға қосқан үлесін айтты. 

Жалпы, шығармашылық кешке 500-ге жуық адам жиналды. Олардың ішінде-зиялы қауым өкілдері, жастар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жергілікті билік өкілдері де бар. 

Тахауи тетарының актерлері қаламгердің өлеңдеріне сахналанған қойылым ұсынды. Сахна төрінде тәңіріне уәде берген ақынның өлеңдері оқылды. 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
20:31, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Толығырақ...
 ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
20:26, 20 мамыр 2019
ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАЛАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ
17:07, 16 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИ...
Толығырақ...
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
18:04, 17 мамыр 2019
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
Толығырақ...