ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

20:32, 18 қараша 2019

Ресей, Армения, АҚШ, Қазақстан мемлекеттерінің жас теннисшілері Ақтөбеде бас қосты. Спортшылар Еуропа теннис сериясында өзара мықтыны анықтайды.  Халықаралық жарысқа әлемнің 4 елінен 80-нен астам спортшы келген. Турнирдің бірінші кезеңі 14 жасқа дейінгі қатысушылар арасында өтеді. Жеңімпаз атанған теннисшінің ұпайы  Еуропа Теннис  рейтингісінде есепке алынады. 

АНАТОЛИЙ САЛДОТЕНКО
РҚБ АОФ ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Қазір 14 жасқа дейінгі балалар арасында жарыс өтіп жатыр. Армения, Ресей, АҚШ, Қазақстан мемлекеттерінен 40 спортшы қатысады. Ақтөбенің таңдалуы бекер емес. Мұнда жақында халықаралық стандартқа сай"Эйс" теннис орталығы ашылған болатын. Қазіргі таңда Теннис федерациясы республика бойынша балаларға көп көңіл бөліп келеді. Болашақта елімізде теннистен  әлемдік жұлдыздар шығады деп сенеміз.  
Халықаралық біріншілікте еліміздің намасын Тараз, Нұр - сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбеден келген мықты спортшылар қорғайды. Олардың арасында Қазақстан және халықарлық жарыстарда топ жарып жүрген Зара Даркен де бар. Ол турнирде жекелей және жұптық сайыстарға қатысады. 
Жарысқа қатысушылардың мақсаты бір. Жеңімпаз атанып, Еуропа теннис сериясында ұпай жинау. Ресейлік жас теннисші Иван Мнякин да бірінші орыннан үмітті. 
ИВАН  МНЯКИН
ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ ( МӘСКЕУ, РФ )

Мен тенниспен 7 жылдан бер айналысып келемін. Осыған дейін бірнеше халықаралық турнирлерде жеңіпаз атандым.  Бүгінгі турнир мен үшін өте жауапты болмақ. Ұпай жинау үшін бар күшімді саламын. 

Турнирдің екінші кезеңінде 16 жасқа дейінгі балалар бақ сынайды.  Жарыс желтоқсанның екісі мен жетісі аралығында өтеді. Ал  16-21 желтоқсан аралығында 12 жасқа дейінгі балалар жеңіс үшін таласады.

Ерлан Мұқан 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...