ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Теория мен тәжірибені ұштастыру - уақыт талабы

16:33, 12 қаңтар 2018

Енді мектептер үшін мұғалім мамандар дуалды білім беру жүйесі арқылы дайындалады. Бұл туралы бүгін Жұбанов университетінде өткен семинар барысында айтылды. Облыстың бас мұғалімі дуалды оқыту арқылы даярланған мамандар шалғай ауылдардағы шағын мектептерге жұмысқа қабылданады деді.     

Дуалды білім беру, оқу орнының кәсіпорын және өзге де ұйымдардың сұранысына орай мамандар даярлау дегенді білдіреді. Жұбанов университеті де теория мен тәжірибені ұштастырып білім беру ісін қолға алған. Бұл туралы бүгінгі семинар барысында кеңінен айтылды.

Дуалды оқыту әдісінің ең тиімді тұсы - түлектер бірден жұмыспен қамтылады. Ал, облыстың бас ұстазы Ләззат Аманжолова дуалды оқыту жүйесі арқылы даярланған мамандарды шағын комплектілі мектептерге алуға дайын екенін жеткізді.

Семинар барысында, бұл жүйені енгізуде, жоғары оқу орындарының тәжірибесін ескеру керектігі мол айтылды. Сондай-ақ, дуалды оқытуға негізделген іс-тәжірибенің озық тұстарын зерттеу, талдау керектігіне басымдық берілді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...