ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАРТЫСҚА ТҮСТІ

18:10, 10 шілде 2019

Ақтөбеде полиция департаменті қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Бұл-іріктеу турнирі. Мықтылар ішкі істер министрлігі өткізетін додоға жолдама алады.Жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ақтөбе заң институтының курсанттары, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері  қатысты. Арасында кәсіпқой спортшылар да бар.Дәстүрлі шараға 100 ден аса қатысушыдан жасақталған 25 команда қатысты. Олар өзара 9 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады. 26 жастағы Ержан Есдәулетов солардың бірі. Жас иснпектор бокспен шұғылданады. Инспектордың пікірінше, полиция қызметкері жекпе-жектің кез-келген түрін меңгеруі тиіс. Өйткені, спортпен шұғылданбайтын тәртіп сақшысы азаматтарды қорғап, қылмыспен күресте де әлсіз болады. Жеңімпаздар жекелей және командалық есеп бойынша марапатталды. Медальдар мен грамоталар табысталды. Ал мықтылар Қарағанды қаласында өтетін республикалық додаға дайындалмақ.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...