ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАП ЖҮР

20:12, 5 желтоқсан 2019

Қалада жеке үйлерге ұрлыққа түсетіндер көбейді. Әсіресе бау-бақша, саяжай тұрғындары "тонап кетті" деп полицияға жиі қоңырау шалады. Қырағылық танытып, мұқият болуды ескерткен тәртіп сақшылары бүгін арнайы рейдке шықты. Олар үйді иесіз қалдырмауды ескертеді. Осы жылдың 11 айында  625 жеке үйді тонау дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 дерекке аз. Алайда, үй иелері жұмысқа, балалар сабаққа кеткен уақытты аңдитын ұрылар тыныш жатар емес. "Әсіресе Заречный, Сүт зауыты ауданы мен бау-бақша ұжымдары, жеке үйлердің қожайындары сақ болғаны жөн",- дейді полиция қызметкерлері.  ¤Шара кезінде аумақтық инспекторлар үй-үйді аралауға көшті. Тұрғындардың басым бөлігі учаскелік инспекторларының кім екенін білмейді. Сол себепті, олар өздерін таныстырып, байналыс нөмірлерін береді. Азаматтардың жеке құжаттарын тексеріп, тіркеуге алды. ¤"Учаске" жедел алдын алу шарасы желтоқсанның аяғына дейін жалғасады. Тұрғындардың тәртіп сақшылары қойған сұрақтарға жауап беріп, түсіністік танытқаны жөн.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТЫ ЗАҢСЫЗ ОТАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
18:44, 22 қаңтар 2020
АҒАШТЫ ЗАҢСЫЗ ОТАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар