ШҰҒЫЛ! ОҚУШЫЛАР АСТАН УЛАНДЫ Толығырақ

ТӘРТІП ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

16:56, 16 сәуір 2018

Ақтөбеде үш айлық санитарлық тазалық акциясы жарияланған болатын. Осы аптада жастар, еңбек ұжымдары сенбілікке белсеніп шықты. Оның ішінде Жанқожа батыр көшесін тазалауға 120 адам атсалысты. Олардың қатарында қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, студенттер мен нөмірі бірінші басқарушы компанияның өкілдері болды.

Тазалық акциясы облыста 15-ші наурыздан басталды. 15-ші маусымға дейін жалғасады. Сенбілікке меншік түріне қарамастан барлық мекеме-кәсіпорындар қатысады. Әркім өз ауласын, көшесін тазартуы керек. Бірақ, қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, тұрғындар бұл шараға үн қоспай отыр.

Жанқожа батыр көшесін тазалауға 120 адам атсалысты. Депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек, басқарушы компанияның өкілдері мен жастар ресурстық орталығының мамандары және Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттері де бар. Олар қыстан қалған күл-қоқысты шығарды. Ағаштардың түптеп, әктеп, орындықтарды, ескерткішті сырлады. Жұмысқа 5 техника жұмылдырылып, 30 тоннадай қоқыс шығарылды.

Жалпы, тазалық акциясы басталғалы қалада 5 сенбілік өтті. Оған 31 мың 702 адам қатысып, 183 арнаулы техника жұмылдырылды. 402 тонна қоқыс шығарылды. Айтып өтейік, қоқысты қала маңындағы полигон тегін қабылдайды.

Ұлағат Арғын

Тақырып бойынша материалдар

СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
22:06, 22 сәуір 2019
СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
20:34, 16 сәуір 2019
БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...