ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

18:21, 20 қаңтар 2020

 

 

 Кәсіп ашамын деген адамға қолдау бар. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланған мұғалжарлық іскер әйел екінші тігін шеберханасын ашты. Тұрмыстық бұйымдар мен ұлттық киім-кешек ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер үйінде тігіледі. Мұндағы жастар тәжірибе жинай алады. Тақырыпты тілшіміз Ерлан Мұқан жалғастырады. Талғаммен тігілген құрақ көрпе, ұлттық нақышта жасалған тұрмыстық бұйымдар көздің жауын алардай сәнді. Мұның барлығы Бахытгүл Өтебаеваның жұмысы. Ине мен жіп оның бала күннен жан серігі. Тігіншілікті анасынан үйренген. Қазір қызын баулып жүр. Бұрын үйінде шағын тапсырыс алып, қосымша табыс ретінде жұмыс істеген. Кейін сүйікті ісін дамытып, Қандыағаштан және облыс орталығынан өз шеберханасын ашты. 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Талап болса кез келген іс алға басады.  Бахытгүл Ермағамбетқызы екінші шеберханасын "Мейірім" әлеуметтік бейімдеу орталығынан ашып отыр. Бұл  бекер емес. Мұндағы қыздарды ұлттық өнерге баулып, ата-бабадан қалған мирасты жалғағысы келеді. Іскер әйелдер кеңесі өз кәсібін ашуды жоспарлап жүргендерді қолдауға дайын. Аудандарды аралып, шалғайдағы ауыл қыз-келіншектеріне кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп жүр. Сапалы өнім, тиімді баға. Бахытгүл Ермағамбетқызының ұстанымы осы. Іскер әйел 4 жылдан бері Қазақстанда жасалған республикалық көрмеге қатысып келеді. Соның арқасында қазір 5 облыстан тапсырыс алып отыр.  

Ерлан Мұқан

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 1 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...