ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ - ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

20:00, 18 қараша 2020

Тілге құрмет - алдымен өзіңе құрмет! Көше бойындағы жарнама, кәсіпкерлік нысан қасбетіндегі мәтінде қате көп. Мұндай кемшілікті түзету - ортақ міндет. Бүгін облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекшілігімен бір топ ерікті, тіл жанашырлары көшеге шықты. Кәсіпкерлік нысандарды аралап, иелерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. 
Бұл ерікті жастың ескертпесі. Себебі дүкен маңдайшасындағы мәтін "Тіл туралы" Заңға сай емес. Айта кету керек, қала көшелеріндегі жарнамалар мен  кәсіпкерлік нысандарының атауында кемшілік көп. 

Серік Жарас тілге қатысы бар кез келген жобаның басы-қасында арнайы маман болса деп ұсыныс айтты. Қатаң бақылау болса, мұндай кемшілік азаяды дейді. Ал, бұл салада өнімді еңбек етіп жүрген ерікті топ болса, түрлі шара өткізіп жүр. Олар жұртшылықты тіл нормасын бұзбауға шақырады.

Топ мүшелері қаламыздың Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы сауда нысандарына бақылау жасады. Кәсіп иелеріне арнайы ақпараттық бүктеме таратты. Тіпті, кейбіреуі бір тілде жазылған жарнаманы ақпараттық топтың көз алдында алып тастады. Осындай түсіністік бар жерде нәтиже де болары анық.
Қалай десек те тілге қатысты кез келген дүниеге атүсті қарауға болмайды. Мамандар болса мұндай іс-шараның жалғасатынын айтты. Өйткені, бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Мұнымен қоғам болып күресу керек.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...