ШҰҒЫЛ! Бір айда 31 өрт оқиғасы тіркелді Толығырақ

Тоғызқұмалақтан ел намысын қорғайтын спортшы анықталуда

15:55, 14 қыркүйек 2017

«Ақбидай-2017» ауыл спортының алтыншы республикалық ойындары аясында Ақтөбеде тоғызқұмалақтан турнир өтіп жатыр.    Зияткерлік спорт мектебінде Қазақстанның 13 өңірінен келген 52 спортшы  бас қосты. Тоғызқұмалақ сияқты құлттық спорт түрлерін дамыту өте маңызды дейді ұйымдастырушылар. 

Ақтөбеде өтіп жатқан жарысқа еліміздің  барлық өңірлерінен мықты спортшылары келген. Жарысқа тек Солтүстік Қазақстан облысы қатыспай отыр. Жекелей және командалық турнирде ерлер мен әйелдерден құралған  26 адам бағын сынауда. Қатысушылар  арасында Қазақстанның құрамасында өнер көрсетіп жүрген белді спортшылар бар.

Айта кетсек, 6 кезеңнен кейін Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының ойыншылары суырылып алға шықты. Алайда ойынның соңғы нүктесі жұма күні қойылады. Жетінші,  шешуші  турда жеңімпаз команданың атын білетін боламыз.

Қазір тоғызқұмалақшы спортшылар  Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде.  Байрақты бәсеке Тараз қаласында 4-12 қазан аралығында өтеді. Ал осы сайыста жеңгендер ел намысын  Монғолияда өтетін Азия біріншілігінде қорғайтын болады.

Ұлағат Арғынұлы, Миржан Аманжолов

Тақырып бойынша материалдар

ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
18:31, 17 қараша 2017
ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
Толығырақ...
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
18:29, 17 қараша 2017
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...