ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

12:38, 7 қараша 2019

"Союз-Меха" тондар жәрмеңкесі жалғасуда. Қыстың қамына кіріссеңіз,  "Алатау" сауда орталығына баруыңызға болады.  Жәрмеңкеде ішіктің сан алуан түрі бар. Жағалы киімдердің пішімі де, бағасы да әр түрлі. Қалауыңызды табуға болады. Жеңілдіктер мен бөліп төлеу мүмкіндіктері бар. Жәрмеңкеден ресейлік өндірушілердің қолынан шыққан эксклюзивті тондардың түрін көруге болады. Қаракүзен, мутон, түлкі терсінен тігілген соңғы үлгідегі сәнді, сапалы тондардың бағасы да қолжетімді. "А'ЭЛИТ" өнімдері солтүстіктің қытымыр қысының қаһарын ескеріп тігілген. Жылы әрі жеңіл.

ГҮЛМИРА ТӨЛЕЕВА

 САТУШЫ

Сіздерді 1-ші желтоқсанға дейін болатын "Союз-Меха" жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңкемізде киім үлгілерінің барлық өлшемдері бар. Қазір жақсы жеңілдіктер қарастырылған. Мутон тондарына 50 пайызға дейін жеңілдіктер бар. Сонымен қатар, пайызсыз 2 жыл мерзімге дейін бөліп төлеуге болады. Барлықтарыңызды жәрмеңкемізге шақырамыз. Кез-келген нәзік жанды талғамына сай киіндіріп жібереміз.

Отыз жылдан астам тарихы бар "Союз меха" компаниясы жағалы киімдер нарығындағы үздіктердің бірі. Жоғары сапалы шикізат Италия, Дания, Жаңа Зеландия мен Австралиядан жеткізіледі.   Фабрика өкілдері Ақтөбеге соңғы үлгідегі тондардың 5 мыңға жуық топтамасын әкелген.  Дизайн, түр мен түс бірін-бірі қайталамайды. 

ГҮЛМИРА ТӨЛЕЕВА

САТУШЫ

5000 түрілі тондар 1 данадан ғана. Сонымен қатар түрлі-түсті тондарда бар, біреуге қоңыр түс ұнап жатса біріне қара түс ұнауы мүмкін, сондықтан да нәзік жандыларға келіңіздер, өздеріңіздің әдемі де ыңғайлы тондарыңызды таңдап алуға    шақырамын.

Ұзын және қысқа тондармен қатар, сатылымға жағалы жилеттер мен кардигандардың да түр қойылған. Ақтөбеліктердің сауда жасап қалуына 25 күн мүмкіндік бар. Көрме-жәрмеңке желтоқсанның біріне дейін  "Алатау" ойын-сауық орталығының екінші қабатында жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...