ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

18:22, 13 қараша 2019


"Союз меха" компаниясының жәрмеңкесі жалғасуда. Алатау сауда орталығы қыз-келіншектердің жиі баратын орынына айналды. Өйткені сапалы тон мен бағалы ішіктер осы жерде. Ресейдің  үздік компаниялары ұсынған ерекше үлгілер көптің көңілінен шығып жатыр.  "Союз меха" фабрикасының өнімдерін көргіңіз келсе, жәрмеңкеден қалмаңыз. Тауар ерекшелігі туралы әріптесім айтып береді. ¤

"Союз меха" компаниясы жағалы киімдер нарығындағы үздіктердің бірі.Нарыққа шыққанына 30 жыл. Сапаға мән беретін компания шикізатты Италия, Дания, Жаңа Зеландия мен Австралиядан тапсырыспен алғызады. Дизайнерлер талғамымен тігіліп, саудаға шығарылады. Фабрика өкілдері Ақтөбеге соңғы үлгідегі тондардың 5 мыңға жуық топтамасын әкелген. Сұраныс та аз емес.  Дизайн, түр мен түсі бірін-бірі қайталамайтын ішіктер ақтөбеліктердің көңілінен шығып жатыр.  

ГҮЛМИРА ТӨЛЕЕВА

САТУШЫ 

Қазір Мутондарға 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасаймыз. Жәрмеңке басталғалы көп қыз-келіншек келіп киініп кетті. Бұл жерде әсіресе эксклюзив іздегендерге таңдау бар. Құндыз, мутон тондар, құндыз, қаракөл жағалы ішіктердің мыңдаған түрін әкелдік. Өлшемдері де әр түрлі.  

Бағалы теріден тігілген ішіктердің түрі сан алуан. Талғамыңызға қарай ұзынын, қысқасын, жеңді немесе жеңсізін таңдай аласыз.  Түс палитрасы да көздің жауын алады. Классикалық үлгідегі ақ, қара тондардан бөлек, жәрмеңкеге  көкшіл, қызғылт түсті ерекше сырт киімдер қойылған.

ГҮЛМИРА ТӨЛЕЕВА

САТУШЫ

 Бізде 46-ші өлшемнен 62-ші өлшемге дейінгі өнім бар. Әйелдерге ғана емес ерлерге арналған бағалы тондар мен ішіктерді табуға болады. Жалпы, бізде тондардың модельдері алуан түрлі. Қалағаныңызды көріп, киіп таңдап алуыңызға болады.

¤Көлік жүргізетін арулар үшін де кең таңдау бар. Қысқа тондармен қатар, сатылымда жағалы жилеттер мен кардигандардың да түр-түрі бар. Барлық өнімдерге жеңілдіктер қарастырылған. Жәрмеңкеде тұтынушының мүмкіндігі қаралған. Толық ақысын төлемей немесе алғашқы жарнасыз 2 жылға дейін бөліп алуға болады."Алатау" ойын-сауық орталығының екінші қабатындағы көрме-жәрмеңке желтоқсанның біріне  дейін жалғасады. Үлгеріңіз!

 

Ерлан Мұқан

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...