ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ТӨРТ АЙДА ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМІ 5% ҚҰРАДЫ

20:16, 13 мамыр 2019

Төрт айдың қорытындысында облыстың экономикалық өсімі 5 пайызды құрады. Қаңтар мен сәуір аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. 
Экономикалық өсім - 5 пайыз. Төрт айда бюджет бүйірі 34,8 млрд теңгеге толықты. Бұл жоспардан 8,9 пайызға артық. Қазына қаражатының игерілуінде де кемшілік жоқ деді жауапты басшылар. Оңдасын Оразалин әр басқарманың нақты жоспары болуы тиіс деп талап қойды. Талап қатаң болады. Оған себеп те жоқ емес. Биылғы жоспар ауқымды. Облыс жаңа 25 өнеркәсіптік инвестициялық жобаны, қарапайым заттар экономикасы саласында 400-ден астам жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, 570 млрд теңге инвестия тарту, жаңадан 15 мың жұмыс орнын құру, үй салу үшін 12 мың жер учаскесін беру, 1 млн шаршы метр баспана, яғни 8700 пәтер тұрғызу, 500 шақырым жолды жөндеу жоспары бар. Өңір басшысы құрылыс саласында бюджеттің бір тиынын шашау шығармай жұмсау үшін  есеп-қисап бақылауда болуы тиіс деді. Оңдасын Оразалин шенеуніктерге тазалық мәселесін тағы бір ескертті. Сенбіліктер өз алдына, таза бейсенбі акцияларын ұйымдастыруға әр әкім өзі белсене атсалысуы керек. Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар үшін облыс әкімінің гранты бөлінеді. Осы жиында Оңдасын Оразалин мектептерге оқулықтарды жеткізіп беру мәселесіне де зер салды. Оқушылардың жазғы демалысын оңтайлы ұйымдастыру жағы да басқармаға сын деді. Осы жазда 130 мың баланың 96 пайызы демалыс шараларымен қамтылуы тиіс. 15 мың бала еліміздің киелі орындарына және шетелге саяхатқа барады. Мәселен, 20 жетім бала Италияның Чезенатико қаласына сауықтыру лагеріне жолдама алып отыр. Облыс әкімі жолдамалар әділ бөлінсін деп ескертті. Бұдан соң, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мәселесі қаралды. 6335 түлектің биыл 5178-і тест тапсырмақ. Оның ішінде 493 түлек алтын белгіге, 288-і үлгілі аттестатқа үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі талдануы керек. Білім басқармасымен бірге бұл әкімдердердің де бақылауында болуы тиіс. Проблема болмаса, тұрғындардан арыз-шағым түспейді. Оңдасын Оразалин әкімқаралар мен шенеуніктер алдына келген адамның кез келген сұрағына жауап беруі тиіс деді. Берілген тапсырма уақытында орындалуы керек. Бұл өңір басшысының тікелей бақылауында. Аудан әкімдерінің жұмысына қатысты халықтың пікірімен санасамыз, талапқа салғырт қарағандардың жауапкершілігі қатаң қаралады деп ескертті Оңдасын Оразалин. 
Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...