Төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмысы таныстырылды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақтөбедегі жұмыс сапарының аясында төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен де кездесті.

19:51, 10 қаңтар 2017   404

Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысымен танысып, техникалық құрал жабдықтарын көрді. Ұжымға Парламент қабырғасында қаралған заңнамаларды таныстырды.

Мәжіліс депутаты кездесу барысында Елбасының жолдауында қойылған міндеттердің қалай орындалып жатқанын баяндады. Ел экономикасын әртараптандырып, инновацияға бет бұру үшін бес халықтық реформа, "100 нақты қадам" қабылданды. Бір жылдың ішінде Ұлт жоспарына сүйену арқылы қыруар жұмыс атқарылды. Халық қалаулысы өңірлерде жүзеге асқан пилоттық жобалардың, қолға алынған реформалардың тиімді жүзеге асуы Мемлекет басшысының сарабдал саясатын екенін атап өтті.

ВЛАДИМИР БОЖКО,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Парламентте қаралған 59 заң "Ұлт жоспарын" жүзеге асыруға бағытталды. Бұл - Қазақстанға әлемнің 30 дамыған елінің қатарына ену үшін жол ашатын құжаттар. Ұлт көшбасшысының салиқалы саясаты, елімізді жарқын болашаққа бастайтыны сөзсіз. Елімізде атқарылып жатқан істерден барлық азаматтар хабардар болуы керек деп ойлаймын.

Айта кеткен жөн, мәжіліс депутаттарының  қарауына өткен жылы жалпы 250-ден астам заң жобасы келіп түскенімен, оның бірқатары талап үдесінен шықпай, Үкіметке кері қайтарылды. Ал, 59 заң қызу талқыға түсіп,  қолданысқа енгізілді.  Оның ішінде, қоғамда пікірталас туғызған әлеуметтік төлемдер бойынша өзгерістер мен экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары да бар.  Сондай-ақ, осы жиында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы өткен жылды қорытындылап, көрсеткіштерін атап өтті. 

БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 

2017 жылы департамент басшылығы жұмысты жеделдету мақсатында тағы бірнеше қызметтік автокөліктер алуды жоспарлап отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде облыс орталығында 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жұмыс жасайды. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 876 маман жұмыс жасайды. Өткен жылы екі қызметкері үшінші дәрежелі Айбын наградасымен және Ерен еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталған.

Райгүл Еншібайқызы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44