ШҰҒЫЛ! COVID-19: 21 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ТОЗҒАН СУ ҚҰБЫРЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

20:16, 15 тамыз 2019

Қаладағы су желілері мен кәріз жүйесі құбырларының әбден тозығы жеткен. Мәселен, "Мәскеу" шағын ауданындағы бірнеше көшедегі су құбырларын жаңарту қажет. Сондай-ақ, шаһарда тағы да осындай жөнделуі тиіс бірқатар орын бар. Олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, жауапты коммуналдық мекеме құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кетті. Жоспар бойынша барлық шаруа бірінші қарашада аяқталуы тиіс. Мәскеу ауданындағы Наумов, Кольцов, Островский, Разин, Шалғынды, Пугачев, Крылов, Космедьямский, Белогорск, Красин көшелеріндегі су желілері 50 жыл бойы жөндеу көрмеген. Тозған су желілері су қысымына кері әсер етіп, жиі апатты жағдай туғызып та келді. Тұрғындардың да шағымы аз болған жоқ. Бүгін Ақбұлақ мамандары құбырларды жаңарту жұмыстарына кірісіп кетті. Көшелердің әрқайсысында диаметрі 150-300 мм болатын 5 метр құбыр ауыстырылады. Коммуналдық мекеме ауданды сумен қамтамасыз ету тұрақталып, 2300 тұрғынның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсарады дегенді алға тартады.Шіріп кетудің аз-ақ алдында тұрған темір құбырларды Ақбұлақ мекемесі жыл сайын ауыстырмақ ниетте. Ал биыл монополистер 1200-ге жуық су магистралін қайта қалпына келтірген. Аталған аудандарда сумен қамту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары  инвестициялық қаржы арқылы іске асырылуда. Келесі жылдың сәуір айына дейін тариф құны тұрақты болады дейді коммуналдық қызмет өкілдері.  Ауыстырылып жатқан су құбырлары 50 жылға жарамды. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары тұрғындарға еш әсерін тигізіп жатқан жоқ. Барлық үйде су бар.

 ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІН ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
20:00, 18 қаңтар 2021
ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІН ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ" ІРІКТЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
16:20, 12 қаңтар 2021
"НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ" ІРІКТЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...