ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

ТОЗҒАН ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

14:02, 29 маусым 2020

2 мың шақырымды құрайтын республикалық тасжолдың үштен бірі жүруге жарамсыз. Өңірде көлік пен адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жыл сайын жөндеу жұмысы жүргізіледі. Биыл 17 миллиард теңге бөлінді. Қазір орта және күрделі жөндеу жұмыстары Самара-Шымкент, Ақтөбе-Атырау-Астрахань транзиттік дәліздерінде жүріп жатыр. Арнайы мониторингтік топ жұмыс барысын аралап, қарап отыр. Егер кінәрат табылса, дереу ескерту беріледі. Біздің арна тілшісі кезекті тексеруге барып, алыс жолдағы құрылыспен танысып келді. Жол жайы келесі бейнематериалда. Бұл Самара-Шымкент бағытындағы Қобда-Орал тас жолы. Мердігер компания жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын жолды жөндеу жұмысына маусым айының алғашқы күндері кірісті. Қазынадан 1 миллиард теңге жуық қаржы бөлінген. Серіктестік Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 4 қобдалықты жұмысқа алған. Соның бірі 25 жастағы Вадим Ноздрочев. Ол колледжде аспаз және жүргізуші мамандығын меңгерді. Алайда дипломға сай қызмет бұйырмапты. ВАДИМ НОЗДРОЧЁВ АУДАН ТҰРҒЫНЫ Жұмысым өзіме жайлы. Жалақысы да көңлімнен шығады. Аптап ыстық болмаса ауыр жұмыс жоқ. Әріптестеріммен жақсы тіл табысып кеттім, бірлесе жатқарлыған жұмыс әрқашан қызықты. Мұндағы жұмысшылар 130 мың теңгеден жоғары жалақы алады. Мердігер компания маусым аяқталған күннің өзінде дайын мамандарды сақтап, оларға қолдау беріп отырады. Айтуларынша, жыл сайын кадр мәселесі алдан шығып, қинайды. Сондықтан осы әдіске көшкен. Іс басында жүргендері үшін арнайы шатыр тігілген. Сонда тамақтанады, түнейді. Сонымен бірге, серіктестік жұмыс сапасына ерекше көңіл бөледі. 3-ші саннаттығы жолдың ені 8 метр, жанама жолағы 2 метр. Өңір климатына шыдамды, зерітханада сыналған асфальт қоспасы пайдаланып жатыр. Қазір мұнда 30-ға жуық арнайы техника, 35 жұмысшы бар. Жөндеу жұмысы биыл күзде аяқталады. Жауын-шашын мен қарлы боранда жолдың ашық болуы үшін ұзындығы 690 метр қоршау орнатылады. Серіктестік жұмыс қарқынын жылдамдату үшін аудан орталығына жақын маңда асфальт-бетон зауытын салған. Таяуда өндіріс орны іске қосылады. ДМИТРИЙ КАРДАЕВ АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ Оңтүстік Корея үлгісіндегі зауыт сағатына 160 тонна қажетті өнім шығарады. Қазір Самара-Шымкент және Қобда-Мәртөк тас жолына қажетті шикізатты өндіріп жатырмыз. Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолында күрделі жөндеу жұмыс жүріп жатыр. Өкінішке қарай облыс орталығынан Қандыағашқа дейінгі аралықтағы 89 шақырым жол әзірге жөнделмейді. Жобалық -сметалық құжаты дайын болған күннің өзінде қателік кетті. Алдағы 3 жылда ақтөбеліктердің тозығы жеткен жолмен жүруіне тура келеді. Ал келесі жылдан бастап Самара-Шымкент бағытандағы Ақтөбе - Ұлғайсын жолы жөнделмек. Жоба "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Ақтөбеден Хромтауға дейін 1-ші санаттағы, Хромтаудан Ұлғайсынға дейін 2 санаттағы жол болады. Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...