ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15:23, 6 желтоқсан 2018

"Мәйіттік донор" тақырыбы қазақстандықтар үшін таңсық болмауы тиіс. Еуропа елдерінде әрбір азамат көзі тірісінде мәйіттік донорға келісетінін, не келіспейтінін білдіріп, алдын ала қолхат жазып қояды. Бұл туралы Ақтөбеде өткен  "Трансплантологияның өзекті мәселелері" атты конференцияде  Ұлттық трансплантация орталығының директоры Жақсылық Досқалиев мәлімдеді.

Қайтыс болған адам кемінде бес адамның өмірін жалғай алады. Мәйіттің бүйрек, бауыр, асқазан асты безі, өкпе, жүрек сынды сау мүшелері науқасқа өмір сыйлайды. Осыны алға тартқан Жақсылық Досқалиев, әр азаматты донорлыққа түсіністікпен қарауға шақырды.

Ақтөбенің медициналық кластер орталығында 50-ші трансплантация операциясы сәтті өтті. Әпкесі туған бауырына бір бүйрегін беріп, ажалдан арашалап қалған. 2014 жылы өңірде органдарды трансплантациялаудың арнайы бағдарламасы жасалған болатын. Сол уақыттан бері 38 науқастың бүйрегі, 12 адамның бауыры алмастырылды.

Батыс аймақта мұндай күрделі операциялар тек Ақтөбеде жасалады. Облыстық көпсалалы аурахананың базасында замануи жабдықталған бөлімше ашылды. Басында Оңтүстік Корея мен Түркиядан хиругтер келіп, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізді. Бірнеше операция шетелдік мамандардың көмегімен жасалды. Қазір, мұндай отаны ақтөбелік дәрігерлердің өздері де сәтті өткізіп  жүр. Соңғы жылдары қайтыс болған адамның мүшесін трансплантациялау тәжірибиеге енгізілді. Осы уақытқа дейін 8 бүйрек, 1 бауыр органы көз жұмған адамдардан алынған.

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...