ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ!

18:33, 21 мамыр 2020

Өңірде "Түбіртек талап ет" акциясы басталды. Егер сатып алған тауарыңызға немесе пайдаланған қызметіңізге сай чек бермесе, мемлкеттік кірістер департаментіне арызданыңыз . Чек орнына 1000 теңге аласыз. Мұндай қоғамдық бақылау өз нәтижесін берген. Былтырдың өзінде 940 дерек тіркелді. Барлығы сыйақы алды. Сонымен түбіртек бермеген жағдайда сыйақыны қалай алуға болады? Әріптесім Ерлан Мұқан тарқатып айтады. Акция биыл бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бір ерекшелігі -  кез келген тұрғын қатыса алады.  Не істеу керек? Ұялы телефоныңыздағы плай маркет немесе апстор арқылы WIPON қосымшасын жүктейсіз. Тұтынушыға қызмет көрсететін барлық орындардың чегін мобильді қосымшаға жүктейсіз. Егер сізге түбіртек бермесе...
Сыйақының қызығына түсіп, "ақша өндіріп алуға болады" деп жалған мәлімет жібермеңіз. Сіз жіберген ақпарат дәлелденбесе, жауапқа тартыласыз. Акция шартын түсіндіру үшін салық қызметкерлерімен бірге шаһардағы дәмханаларды аралып шықтық.  Кеше жұмысын бастаған тамақтану орны онлайн кассалық аппарт орнатқан. Тұтынушы құқығын сақтаймыз дейді дәмхана әкімшісі. Тауар сатып алсаңыз, тамақтансаңыз, демалыс орнына барып, балаларды ойнатсаңыз міндетті түрде чек талап етіңіз. Акция 12-ші мамырдан бастап желтоқсанның 31-не дейін жалғасады. 
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар