ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

16:20, 3 желтоқсан 2020

 Хромтау ауданында "Туған жерге тағзым" акциясы сәтті іске асырылып жатыр. Биыл 10 жоба қолға алынды. Бөлінген қаржы - 80 миллион теңге. Бәрі де ауылына жаны ашып, туған жердің өсіп, өркендеуі үшін қолда барымен бөліскен. Нәжижесінде балалардың ойын алаңы салынды, мектеп құрылыс жүріп жатыр. Абаттандыру жұмысы да назардан тыс қалмаған. Бөгетсай ауылына шағын көпір салынды. 

Бөгетсай ауылы "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" халықаралық дәлізінің бойында орналасқан. Негізгі жол тақтайдай тегіс болғанымен, жүргізушілер үшін күз бен көктем сынақ мерзімімен тең. Кіреберіс жол шұрық-тесік. Биыл бұл мәселе шешілді. Тұрғындар өз күшімен жөндеп алды. 

Келер жылы ауылда спорт кешенінің құрылысы басталады. Құжат әзірленді, жоба мақұлданды. Ауыл балалары үшін бұл үлкен мүмкіндік. Қазір олар мектепте спорттық үйірмелерге қатысып жүрсе, жаңа ғимарат қолданысқа берілген кезде оның ауқымы да кеңиді. Барлығы 70 бала бокс пен күрес бағытын таңдаған. Тағы 30 бала волейбол үйірмесін жөн көрді. Жаттығу тоқтаған емес. Санитария талабы барынша сақталған. 

Мұнда мемлекеттік бағдарламалар аясында абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Келер жылы үш көше асфальтталады. Сонымен бірге үш көше жарықтандырылады. 
Ауылдық округте үш елдімекен бар. Бөгетсай, Қарлау, Шіліксайда барлығы 1700-ден астам адам тұрады. 

Николай Сырбов

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар