ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

13:20, 11 сәуір 2019

Әбілқайыр хан даңғылы №73 үйден тағы да өрт шықты. Абырой болғанда  зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыс әкімі Оңдасын Оразалин келіп, тұрғындармен кездесті, мән-жайды білді.  Кейін шұғыл жиын өткізіп,  жауапты мемлекеттік органдарға  тапсырмалар берді. 
 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт тұрғын үйдің балконынан шыққан. Өрт сөндіру жұмысына 29 өрт сөндіруші мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Жалпы аумағы 6 шаршы метрді құраған оқиға орнынан 50 адам қауіпсіз жерге  көшірілді. 

Өрт болған жерге облыс әкімі арнайы келіп тұрғындармен кездесті. Жағдайды өз көзімен көрді. Бұдан кейін Оңдасын Оразалин бірден барлық жауапты мемлекеттік органдардың басшыларын жинап, шұғыл жиын өткізді.  Жауаптыларға тапсырмалар берді.   

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
20:54, 17 шілде 2019
КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
20:53, 17 шілде 2019
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар