ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН АҚША АЛУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ

20:00, 13 қаңтар 2021

Биылдан бастап тұрғындар зейнетақы жинағындағы ақшасының бір бөлігін өз қажетіне жарата алады. Жинаған қаржы қолма-қол берілмейді. Ол үшін банктен арнайы шот ашылады. Ақшаны мақсатты жұмсайды. Үй алады, емделеді, ипотекалық қарызынан құтылады. 

Зейнетақы қорындағы ақшаны кез келген адам ала алмайды. Жылдар бойы жиып-терген қаржыны қажетіңізге жаратудың өзіндік критерийі бар. Жасыңызға қарай жиғаныңыз да қомақты болуы шарт.  

20 жастағы қазақстандық 1 миллион 710 мың теңге жинауы керек. Ал 30 жастағы адамдар үшін 2 жарым миллион теңге қажет. 40 жастағы тұрғындардың жиғаны 3 жарым миллион теңгеге жетуі тиіс. Ақтөбеліктер бұл бағдарламаны құптайды. Алайда өздері жиған қаржының мөлшері жетер-жетпесін білмейді.  

Енді салымшылар «Отбасы банкінде» онлайн режимде арнайы шот аша алады. Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот  зейнетақы төлемдерін аудару үшін керек. Сондай-ақ, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақы мөлшері өсті. Облыста қазір 95 мыңдай зейнеткер бар. Олардың 54000 жуығы Ақтөбе қаласынан. Бүгінгі таңда олардың барлығы зейнетақыларын жаңа мөлшерде ала бастады. Сонымен бірге әлеуметтік төлемдер де 5 пайыз шамасында артқан. 

Зейнетақы мөлшері өсті. Онымен бірге әйел адамдардың зейнетке шығу жасы да ұлғайды. Биылдан бастап әйелдер қауымы 60 жастан бастап еңбек демалысына шығады. Сөйтіп әр жыл сайын бұл көрсеткіш 6 айға өсіп, 2027 жылы зейнет жасы 63 болып белгіленеді. 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар