ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ - БАСТЫ НАЗАРДА

20:42, 14 қыркүйек 2018

Ақтөбе облысы "7-20-25" бағдарламасы арқылы несие алу үшін өтініш берген тұрғындар саны бойынша өңірлер арасында 4 орынға ие. Бүгіннің өзінде 88 тұрғынның өтініші мақұлданған. Бұл туралы  "Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсеноваға бағдарламаның орындалу барысы туралы қала әдімдігінің өкілдері баяндады. Сондай-ақ, партия хатшысы мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, энергия тиімділігі орталығында да болды.

"Нұр Отан" партиясының хатшысы "7-20-25" бағдарламасының қалада іске асырылу барысымен танысты. Шаһар басшысы Ілияс Испанов "Нұр Ақтөбе" шағын ауданындағы үйлердің салынуы туралы жан-жақты айтып өтті. Қазір мұнда "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламаларына орай, көп қабатты үйлер тұрғызылуда. Коммерциялық мақсаттағы баспаналардың да саны басым.

Бағдарламаның сәтті жүзеге асыруда енді "Баспана" ипотекалық компаниясыда ат салысатын болады. Облыс әкімдігімен арада қол қойылған меморандумға сәйкес, бұл бағыттағы жұмыс қарқын алмақ. Тіпті, алдағы уақытта тұрғын үйдің алғашқы жарнасын 20 пайыздан да төмендету көзделіп отыр.

Нұр Отан" партиясының хатшысы Ақтөбедегі энергия тиімділігі орталығында да болып, мұндағы басқару жүйесімен танысты. Соңғы жылдары қолға алынған жобалардың қатарында қоғамдық көліктерді жпс желісімен қамту, көшелерді бейнекамералар жабдықтау және жер телімдерінің электронды нұсқаларын қалыптастыру да бар. Партия хатшысына мұнда қаланың біріңғай геоақпараттық порталы, мектептегі тамақтану комбинаты атты жобалар да көрсетілді. Ал мемлекеттік қызметкерлермен кездесу барысында, "оқы, жетіл және бөліс" атты челленджі бастау алды. Оның аясында, мекеме қызметкерлеріне оқу тиіс кітаптар табыс етілді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...