ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТЕГІН ОТА ЖАСАДЫ

18:23, 16 мамыр 2018

Сүт безінің қатерлі ісігін емдеудің тиімді әдісі. Түркиядан келген хирург мамандар ауруды емдеудегі тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық аурухана шетелдік дәрігерлер бірнеше отаны тегін жасады.

Қырық жеті жастағы Жұмагүл Досақова операциядан кейін бір сағат ішінде есін жиды. Әлбетте, әлсіреп тұрғанымен, журналистермен тілдесуден бас тартпады. Түрік мамандарының қатысуымен бүгін оның сүт бездеріндегі қатерлік ісік клеткаларын алып тастады. 

Анкарадан келген дәрігерлердің емдеу әдісіндегі ерекшелік сүт бездерін толық алып тастамай-ақ, ісіктің басты лимфалық түйінін табу. Бұл науқас денсаулығының тезірек қалыпқа келуіне бірден бір себеп. Седат Иылдырым есімді маммолог пен пластикалық хирург Ахмет Чагри 4 ақтөбелікке тегін ота жасады. 

Түркиялық хирургтер алдағы уақытта әріптестік аясында өзге де инновациялық технологияларды енгізуі мүмкін. Айта кеткен жөн, Қазақстанда жыл сайын төрт мыңнан астам адам сүт безі қатерлі ісіген шалдығады. Ал, Ақтөбе облысында бұл ауру жылына 170 әйелден анықталып отырады.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...