ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҰБТ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

15:39, 16 қаңтар 2020

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды. 16-20 қаңтар аралығында 95 мыңнан астам үміткер ҰБТ тапсырады. Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Яғни, биылғы оқу жылының түлектері қаңтар, наурыз, маусым және тамызда өз білімін сынайды. Ал білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін сынақты тапсыруы қажет. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар 2019 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Нәтижесінде 95 мыңнан астам адам өтініш берген. Айта кетейік, барлық аудитория ұялы байланыс құралдарының жұмысын бұғаттайтын құрылғымен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Тыйым салынған заттар табылған үміткер сынаққа кіргізілмейді және акт арқылы ғимараттан шығарылады. 

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар