ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ҮЕҰ "БІР ТЕРЕЗЕ" ҚАҒИДАСЫМЕН КЕҢЕС БЕРЕДІ

20:21, 5 желтоқсан 2019

 

Үкіметтік емес ұйымдар жартыжылды қорытындылап, алдағы жұмыстарымен бөлісті. Енді азаматтық қоғам өкілдері "бір терезе" қағидасы бойынша қабылдау жүргізеді. Биыл олар қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетіп, балаларға спихологиялық қолдау жасады. Жастарды қолдап, спортшыларды демеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды қорғаушысы, көмекшісі. Биыл өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері жүзге жуық семинар-тренинг өткізіп, 85 кеңес берді.  Орталыққа кез келген азамат көмек сұрап бара алады. Мұнда мамандар кеңесі мен  әлеуметтік қызметтер топтастырылған. Қоғамдық бірлестік мүшелері тұрғындардың сауалына жауап берді. Мамандардың айтуынша, ақтөбеліктер арасында дін тақырыбы мен әлеуметтік мәселе маңызға ие. 
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына" бюджеттен 4 миллион теңгеге жуық қаржы  бөлінді. Жоба аясында 70 үкіметтік емес ұйым өкілі жазғы мектепке қабылданып, білім алды. Қазір облыс бойынша 700 үкіметтік емес ұйым тіркеулі. Олардың жартысына жуығы қызметін тоқтатқан. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар