ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҮЙ БАР, ГАЗ БЕН СУ ҚАЖЕТ

13:40, 20 қаңтар 2020

 Баспана бар. Енді көгілдір отын, орталықтандырылған ауыз су керек. Бүгін "Астана" ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне келген Жаңақоныс-3 ауылының тұрғындары коммуникация сұрады. Көше атаулары, жарық мәселесі мен жол жөндеу жұмыстары да шешімін күтуде. Жанар Датқызы баяндайды. Бұл азаматтардың әрқайсысы мемлекеттен 10 соттық жер алу үшін 10-12 жыл күткен.  Армандаған жер телімдеріне қол жеткізіп, бір жылдың ішінде үй тұрғызған. Енді инженерлік инфрақұрылым қажет. "Жаңақоныс-3" ауылы тұрғындарының сұрағаны биыл орындалуы мүмкін. Өйткені жобалық-сметалық құжаттар жақында ғана әзірленген. Қазір арнайы комиссияның қарауында жатыр. Қаржы да бөлінген жоқ. Ал Жаңақоныс ауылының өзіне дәрігерлік амбулатория қажет. Тұрғындар ем алу үшін қалаға қатынауға мәжбүр. Ал қалалық емханаларда ұзын-сонар кезек. Амбулатория мәселесі әзір шешімін таппайды. Тек келер жылы ұсыныс қаралуы мүмкін. Аудан әкімі өңір басшысына тұрғындардың бұл ұсынысын жеткізбек. Ал ауылға мәдениет үйін салу үшін 200 млн теңге көлемінде қаржы сұралды. Бұл сұрақ та алдағы жылдардың жылдың еншісінде. Жаңақоныс ауылында жарығы жоқ 18 көше бар. Тұрғындар тұрмыстық қалдықтар дер кезінде шығарылмайды деп наразы. Жаяу жүргіншілерге арналған жол да керек. Астана ауданында 300 мыңға жуық тұрғын бар. Халық саны күн санап өсіп келеді. Былтыр "Бауырластар-1" мен "Бауырластар-2" тұрғын алабтарына электр желісі өткізілді. Бауырластар-1 ауылы толық көгілдір отынмен қамтылған. Аудан бойынша 43 мектеп бар. Төртеуі үш аусымдық. Жаңа оқу жылына дейін Батыс-2 аудандарында салынып жатқан қос мектептің құрылысы аяқталса, бұл мәселе өз шешімін таппақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕ МЕН НӨКІСТІҢ СЕРІКТЕСТІГІ СЕРПІН АЛАДЫ
22:02, 28 ақпан 2020
АҚТӨБЕ МЕН НӨКІСТІҢ СЕРІКТЕСТІГІ СЕРПІН АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...
АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
23:30, 21 ақпан 2020
АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...