ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ

16:29, 3 сәуір 2019

Үй өртенді. Сағиевтер отбасының 7 мүшесі  баспанасыз қалды. Малышка ауданының Краснощеков көшесіндегі №63-ші үй қызыл жалынға оранды. Абырой болғанда, отбасы мүшелері дін аман.  Өрт бүгін таңғы бестер шамасында басталып, 20 минутта үй толығымен жанып кетті. 


Қызыл жалын  170 шаршы метр аумақты алған. Бас- аяғы  жарты сағаттың ішінде үй өртеніп біткен. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметтері 5 минутта келіп болды.  Қазір зардап шеккен отбасы көршілерін паналап отыр.  Ең бастысы бәріміз аман қалдық дейді үй иесі.

Осы оқиғаға қатысты қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккен отбасына көмек берілетін болды. 

Сағиевтер үйлерін 2003-ші жылы салып бастап, екі жылда  қоныс тойларын жасаған болатын. Қазір оқиға орнында мамандар өрттің себеп-салдарын анықтап жатыр. Алдын ала  болжам бойынша өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан болған. 
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
20:54, 17 шілде 2019
КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
20:53, 17 шілде 2019
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар