ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген

18:51, 16 ақпан 2018

Облыста өткен жылы қылмыс деңгейі 20 пайызға төмендеген. Алайда, тәртіп сақшыларын пәтер тонау фактілері алаңдатып отыр. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев мәлімдеді.

Пәтер тонау деректері азаймай тұр. Былтыр көшелерге 280, аулаларға 50 бейнебақылау орнатылған. Ал, Хромтау қаласына бейнебақылау камераларының 27-сі қойылды. Биыл бюджеттен 500 млн.теңге бөлініп, бақылау құрылғысының 800 данасын орнату жоспарланып отыр.

Ал, қалта ұрлығының 85 пайызы қоғамдық көліктерде орын алады. Жыл басынан бері мыңға жуық ұрлық дерегі тіркелген. Қазір автобустарға да бейнекамералар орнатылып жатыр. Кездесуде тұрғындар осы мәселені көтерді. 

Қаныбек Жақсығалиев, қоғамдық тәртіп мәселесіне де тоқталды. Былтыр 170 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Оның 50 мыңы ұсақ құқық бұзушылық дейді. Ал, көшеде ішімдік ішіп, тәртіп бұзғаны үшін 11 мың азамат жазасын алды.

Өңірде мал ұрлығы да азаймай тұр. Әсіресе, ауылдық жерлерде көбейген. Өткен жылы барымтаға қатысы бар 150 адам ұсталды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...