ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18:16, 15 наурыз 2019

ҚР премьер - министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтің жұмыс тобы бүгін ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. Ақтөбе рельс арқалық зауытында өткен жиында әлеуметтік әріптестікті дамыту, қарапайым жұмысшылардың мүддесін қорғау мәселелері қаралды. Кездесуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, аймақтық және салалық үш жақты комиссиялардың жетекшілері қатысты.

Ірі кәсіпорын жетекшілерімен кездескен Үкімет мүшелері, зауыттар мен компаниялардың әлеуметтік бағыттағы міндеттерін орындауы - тұрақтылықтық сақталуына кіпілдік беретінін атап өтті. Нарық сұранысын қамтамасыз етіп отырған өнім өндірушілер үшін  жұмыс орындарын қысқартпау, айлық жалақыны өсіру және еңбек заңдылығын сақтау маңызды.

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Елімізде жаңа әлеуметтік шаралардың басталғанын білесіздер. Ол үшін алдағы 2-3 жылда 2,3 тлрн теңге бөлінетін болады. Кәсіпорындармен жұмыс жүргізуге де баса көңіл бөлінеді.  Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында басты байлық - адамның дамуы екенін атап өткен болатын. Басты басымдық әл-ауқаттың өсуі болып табылады. Жұмысшылардың жалақысын көтеру шаралары қабылданып жатыр. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ең аз еңбекақы 1,5 есе өсті. Бұдан өзге, Президент Бес әлеуметтік бастама аясында осы жылдан бастап, табысы 25 АЕК-тен кем (60 125 теңге) 2 млн-нан астам жұмысшының салық жүктемесін азайтуды тапсырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысында 354,5 мыңнан астам жалдамалы жұмысшы еңбек етіп жатқан 11,6 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс жасайтынын атап өтті. Министр жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершіліктерін дамыту, соның ішінде осал топ өкілдеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, жанұясы күрделі қаржылай қиындыққа тап болған жұмысшыларға баспана сатып алу, үйлерін жөндеу, балаларын балабақша мен лагерьлерге орналастыру сияқты басқа да материалдық көмектер көрсету ұсынылды. Сондай-ақ, олар үшін ыңғайлы жұмыс тәртібін орнату және отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қарастыру керек деді.

Айта кету керек, бүгінде облыста ірі компаниялардың қатысуымен жобаларды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асыру жұмыстары жүйе жүргізілуде. 2017-2018 жылдардың ішінде 4,4 млрд. теңгеге әлеуметтік жауапкершілік пен әріптестік туралы жеті меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде Шығармашылық академиясы, «Аяла» балаларды оңалту орталығы сынды ғимараттар тұрғызылды. 2019 жылдың соңына дейін Жеңіл атлетикалық манеж бен ІТ-орталық құрылысын бітіру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, кәсіпорындар әр түрлі материалдық және қайырымдылық көмектер көрсетуде. Мәселен, Ақтөбе ферро қорытпа зауыты былтыр қайырымдылыққа 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. «Қазхром» ТҰК» АҚ Хромтау қаласындағы Дөң кен байыту комбинатының қызметкерлері үшін 120 пәтерлі үй салып берді. «Ақтөбемұнайгаз» ЖШС де компанияның әлеуметтік жағынан жауапты саясатын көрсетуде жақсы мысал. Компания директоры Серік Естемісов кәсіпорын қызметкері - Қанат Садықовтың көпбалалы жанұясы үшін үй сатып алып беретінін жеткізді. Садықовтар - жуырда ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіхалықова барған бес отбасының бірі.

Жалпы, өңірде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау - басты назарда. Биылғы жылдың наурызына дейін облыстағы 8 696 кәсіпорында 130 мың жұмысшының мүддесін  қорғайтын ұжымдық келісімшарттарға қол қойылған. Барлық меншік түріндегі ірі кәсіпорындар 94,8% ал орташа субъектілер 97,8% келісімдермен қамтылған. Бұдан өзге,  жыл басынан бері мыңнан аса меморандаумға қол қойылды. Негізгі міндеттердің бірі өндіріс маманының айлығын көтеру. Бүгінде 1400 кәсіпорын 30 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысын орта есеппен 15,5%-ға көтерген.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Кәсіпорын басшыларының жүргізіп отырған жұмыстары облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймайды. Сонымен бірге, қоғамдық саяси тұрақтылыққа да ықпал етеді. Сондықтан да, зауыттарда, компанияларда жалақыны уақытылы беру, жұмыс орындарын қысқарпау тұрғысында жауапкершілік болуы қажет.

Әнкарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
20:31, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Толығырақ...
 ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
20:26, 20 мамыр 2019
ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАЛАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ
17:07, 16 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИ...
Толығырақ...
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
18:04, 17 мамыр 2019
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
Толығырақ...