ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

18:24, 1 қазан 2020

Алғашқы ұстаз - мәңгі жадымызда сақталады. Оның жылы жүзі мен әрбір сөзі естен кетпейді. Жылдар өте салмағы артып, естелігіміздің құны арта түседі. Ал мұғалім алдына келген әр баланың түр-тұлғасын пәк күйінде сақтайды. Қылығына қызығады, айтқанды қағып алып, үздік шыққанын мақтан етеді. Бұл жолы біз қазақты әлемге танытқан Димаш Құдайбергенге әріп үйретіп, өмірлік ұстанымын нықтауға сеп болған Клара Қажығалиевамен сұқбаттастық. 
Клара Қажығалиеваның 30 жылдық еңбек жолы мектеп қабырғасында өтті. Әлі де бастауыш класс оқушыларына әліппені ұғындырып келеді. Еңбегі еш кетпеген ұстаз. Алдыңғы буын шәкірттері елімізге ғана емес, шетелге танылған педагог болса, енді бірі әлемді мойындатқан - Димаш Құдайберген. 
Талапты ұстаздың талантты шәкіртінің бірі - Гүлмира Есенғосова. Ағылшын тілін меңгерген мектептің жас педагогі. Қазір Клара Қажығалиева 42 әріпті үйреткен шәкіртімен әріптес. Қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, ақылшы ұстаз, дос ретінде жол көрсетіп келеді. 
Әлемді дерт жайлаған кезде оқушылар қашықтан оқуға көшті. Мұғалімдер көк жәшікке тәуелді болып, оның қыр-сырын меңгерді. Жас буын компьютер тілін бірден ұғынып, лезде қосыла қойды. Ал, саналы ғұмырын дәстүрлі оқу жүйесіне арнаған ұстаздарға сәл қиындық туғызғаны жасырын емес. Білім беру бағытындағы түрлі реформаны бастан өткерген Клара Қажығалиева заман талабына сай болу қажет,- дейді.  
Осылайша ұстаздың еңбек жолы жалғасын тауып, әлі де көптеген талантты шәкіртке білім мен тәрбие бермек. 

ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...