ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ

18:51, 12 тамыз 2019

 

Жастар жылы өнеге боларлық іспен есте қалу қажет. Өңір жастары осы мақсатта түрлі шараларды қолға алып, өз ойларын жүзеге асыруда. Оның бірі "Үлкенге құрмет" акциясы. Демалыс күндері еріктілер қоғамдық көліктерде үндеу жариялады. Ол - ізгі істі насихаттауға бағытталған. Үлкенге құрмет- ізеттілік белгісі. Тәрбиенің бастауы. Бірақ алған тәрбиесін көрсететін жастар сиреп барады. Әсіресе қоғамдық көлікте. Орынынан қозғалмайтын замандастарына сабақ болсын деген мақсатпен өңірдің белсенді жастары мен еріктілері акция қолға алды."Үлкенге құрмет" акциясына 30 жас атсалысты. Олар қаланың әр бағытына қатынайтын қоғамдық көліктерде арнайы парақша таратып, үндеулерін жеткізді. Автобусқа үндеу іліп, үлгі болған жастардың ісі үлкендерді риза етті. Құрмет пен ізет бар жерде қоғамда тәртіп бар,-дейді жолаушылар.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...