ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ АРНАДАН «ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» АТТЫ ЖАҢА ЖОБА ШЫҒАДЫ

17:52, 11 қаңтар 2019

«Қазақстан» ұлттық арнасынан «Ұлы дала сазы» атты жаңа жоба шығады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілерін тоғыстыратын жобаның таныстырылымы өтті. Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай қатысты. Музыкалық жобаның мақсаты - атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз - дәстүрлі ән, жыр-термелерді, күйлерді одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу.  Жоба 17 концерттен тұрады, ұзақтығы бір сағат. Ұлттық арнадан 13 қаңтардан бастап, 28 шілдеге дейін әр жексенбі кешкі сағат 21.05-те көрсетілетін болады. Музыкалық бағдарлама 2018 жылдың қараша айында түсірілген. Түсірілім барысында 180-ге жуық шығарма жазылып, еліміздің барлық аймағынан 91 өнерпаз қатысты. Олардың арасында 16 термеші, 34 күйші, 39 әнші, 2 жыршы өз өнерін көрсетті. 

Әр халықтың рухани, мәдени әлемі бірінші кезекте дәстүрлі өнерінен танылады. Дәстүрлі ән, терме, күй бұл біздің ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәңгілік үні, шежіресі. Ұлттық өнерімізді бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау, рухани мұра ретінде сақтау - біздің парызымыз. Ұлттық арнадан жақында шығатын  «Ұлы дала сазы» жобасы көрермендеріміздің эстетикалық талғамы мен дүниетанымының дамуына өз үлесін қосатын бірегей жоба болатыны сөзсіз. Осы жылдың наурыз айында бірінші түсірілімге қатыса алмаған бірқатар өнерпаздарды тағы да таспаға түсіру жоспарланып отыр. Ең бастысы, бұл жобадағы барлық шығармалар «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Алтын қорына» енетін болады», деді Басқарма төрағасы Е.Қарин.   

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...