ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Ұлттық дәстүр қара жамылуға қарсы

13:59, 13 қараша 2017

Қыз-келіншектердің қара киініп, бетті тұмшалап жабуы салт-дәстүрімізге қайшы дүние. Қоғам белсенділері халықты ата дініміз діңгегіміз деп тәрбиелеу керек дейді. Әрі Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы да ұлттық дәстүрді, ұлттық киімдерімізді дәріптеуге негіз болып отыр.

Қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімі - қара жамылғы емес. Ниқаб - араб елдерінде, әсіресе Сауд Арабиясында, Йеменде, Бахрейнде, Біріккен Араб әмірліктерінде кең таралған. Сонымен қатар Сирия, Сомали, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан елдеріндегі әйелдер де киеді. Сондықтан қара орамал мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ.

Қазақ қыздары үкілі бөрік, шашбау тағып, қос етек көйлек киген, әйелдер басына орамал салған. Ал қара жамылу тек өлім болған отбасыға тән. Теологтар жүргізген зерттеулер нәтижесі тұмшаланып жүруді әйелдерден ерлері талап ететін жағдайлар көптеп кездесетінін айтады.

Бүгінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі "Дін туралы Заңға" өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлеп жатыр. 2 кодекс пен 9 заңға 47 өзгеріс енбек.

Қара киім, ниқаб мәселесімен Қазақстан ғана емес, әлемдік қауымдастық бетпе-бет келді. Кейбір әлем елдері бетті жауып, түгел қара жамылғы киюге тыйым салып отыр.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре алады
19:11, 21 қараша 2017
Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре а...
Толығырақ...
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
18:39, 21 қараша 2017
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...