ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

Ұлттық дәстүр қара жамылуға қарсы

16:22, 12 қаңтар 2018

Қыз-келіншектердің қара киініп, бетті тұмшалап жабуы салт-дәстүрімізге қайшы дүние. Қоғам белсенділері халықты ата дініміз діңгегіміз деп тәрбиелеу керек дейді. Әрі Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы да ұлттық дәстүрді, ұлттық киімдерімізді дәріптеуге негіз болып отыр.

Қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімі - қара жамылғы емес. Ниқаб - араб елдерінде, әсіресе Сауд Арабиясында, Йеменде, Бахрейнде, Біріккен Араб әмірліктерінде кең таралған. Сонымен қатар Сирия, Сомали, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан елдеріндегі әйелдер де киеді. Сондықтан қара орамал мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ.

Қазақ қыздары үкілі бөрік, шашбау тағып, қос етек көйлек киген, әйелдер басына орамал салған. Теологтар жүргізген зерттеулер нәтижесі тұмшаланып жүруді әйелдерден ерлері талап ететін жағдайлар көптеп кездесетінін айтады.

Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, салт-дәстүрімізді, оның ішінде ұлттық киімізді дәріптеу. Осылай деген ардагерлер қазақтың қыз-келіншектерінің қара жамылып жүруі ұлт мүддесіне лайық еместігін айтты.

Қара киім, ниқаб мәселесімен Қазақстан ғана емес, әлемдік қауымдастық бетпе-бет келді. Кейбір әлем елдері бетті жауып, түгел қара жамылғы киюге тыйым салып отыр.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...