ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

17:02, 16 сәуір 2018

"Наурыз - жыл басы". Ал осындай атаумен Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтында мерекелік шара өтті. Курсанттар ұлыстың ұлы күнін тойлап, концерттік бағдарлама ұсынды. Думанға олардың ата-аналары да келді.

Бұл күні алаңда ақшаңқан киіз үйлер салтанат құрды. Жиналғандар қазақы үйге бас сұғып, наурыз көжеден дәм татты. Бауырсақтар таратылып, көрме ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр жаңғырды.

Шарада қызметін абыроймен атқарған үздіктер Қорғаныс министрінің атынан грамотамен марапатталды. Думанға еліміздің әр аймағынан келіп оқып жатқан курсанттардың ата-аналары да шақырылды. Олар ізгі тілектерін жеткізді.

Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты білікті ұшқыштарды, инженер-механиктерді, штурмандарды, радиоинженерлерді дайындайтын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны. Қазір мұнда Қырғызстан және Тәжікстаннан келіп оқып жатқандар да бар. Ақтөбеден өзге, еліміздің әр облысынан келген 500-ге жуық курсант 9 мамандық бойынша білім алады.

Білім ордасы осы уақытқа дейін 1700-ден аса офицерді дайындады. Қазіргі уақытта олар еліміздің Әуе қорғанысы күштерінде, шекара әскерлерінің авиация және ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелерінде, сондай-ақ, ұлттық гвардияда қызмет етуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...