ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ ҮЙРЕТУ

16:20, 8 ақпан 2019

Нарықта қой жүні мен ешкі түбітінен жасалған бұйымдар сұранысқа ие. Ақтөбелік қыз-келіншектер соңғы кездері көмескіленіп бара жаратқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, қолөнер бұйымдарын жасау ісіне машықтануда.

Ұлттық нақышта жасалған кәдесыйлар мен киімдерге сұраныс жоғары. Ал қой жүнінен жасалған заттар сапалы әрі экологиялық таза болады. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы осы мақсатта қолынан іс келетін нәзік жандардың басын қосты. Шеберлік сабағын қолөнерші Гүлнұр Асқарова жүргізді.

Шеберлік сағатына қатысып, киіз басуды үйренуге сегіз әйел ынталы болыпты. Олардың ешқайсысы да тігінші емес. Арасында мұғалім, дәрігерлер мен зауытта жұмыс істейтін мамандар бар. Барлығы да осы кәсіппен айналысуға ниетті. Үйреніп, кәсіп ашпақ.

Шеберлік сағатына келген қыз-келіншектердің дені тігін цехын ашқысы келеді. Оларға "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнеспен айналысу жолдары мен мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.

Тақырып бойынша материалдар

 ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
21:18, 18 маусым 2019
ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
20:52, 12 маусым 2019
ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
Толығырақ...