ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ҰЛТТЫҢ САЗ БАЙРАҒЫ - ДОМБЫРА

19:05, 5 шілде 2019

Ақтөбеде "Ұлттың саз байрағы - домбыра"  атты республикалық акция басталды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өткізіп жатқан шара домбыра күні аясында биылдыққа екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Өзге ұлт өкілдері игі бастаманың басы-қасынан табылды.Акция шеңберінде "Ақбөбек" орталығында өткен бүгінгі "Домбыра дастан" танымдық кешінде өзге ұлт өкілдерінің өрендері де өнер көрсетті.  Ұлттық өнерді насихаттауды ең әуелі  ел болашағы балалардан бастауымыз керек,- дейді ұйымдастырушылар.Солардың бірі - Семён Поленин Семен бүгінде қазақтың онға жуық күйін біледі. Ата-анасы өкілдері орыс ұлтының өкілдері. Домбыраны қолына алғаш төрт жасында алған. Поленин қазақ айтысының тұрақты көрермені. Өйткені оның домбыраға деген қызығушылығы  осы ұлттық өнерді көргеннен басталған. Шарада кәсіби домбырашылар да төбе көрсетті. Балдырғандарға ұлттық аспаптың құндылығын айтып, өз өнерлерімен бөлісті.Бұдан өзге ассамблея ұжымы дәл мереке күні перзентхана арнайы барып, аналар мен перзенттерге ұлттық аспапты тарту етпек.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар