ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘН-ЖЫРЫ

20:18, 14 мамыр 2019

Ұлы даланың ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры". Осындай атаумен елордада басталған айтыскерлердің шығармашылық туры Ақтөбеде жалғасын тапты. Халық арасында баба мұрасын насихаттауды мақсат тұтқан ақындар Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақов ақтөбеліктер алдында өнер көрсетті.  Қара домбыраны қару етіп, елдің мұң-мұқтажын жырлап жүрген төрт ақын құтты мекенге жоғары дайындықпен келген.  "Өнер орталығында" өткен шараға ақтөбеліктер көп жиналды.  Ақындардың ұтымды әзілдері мен қағытпа қалжыңға өрілген айтысын көпшілік жылы қабылдады.

Көрермендер осыған дейін тек айтыскер ретінде танитын төрттіктің өнеріне бұл жолы басқа қырынан куә болды. Ақындар рухани құндылықтарды тілге тиек етті.

Ақындар ел аймақтарын аралап болған соң, шетелге шығуды жоспарлап отыр. Әлемдегі қандастардың басын қосып, ұлы даланың әні мен жырын, ақындықтың жеті қырын паш етпекші.

Айтыскерлер тек концерт берумен шектелмей, тур аясында қайырымдылық көрсетуді де қолға алған. Қаржылай көмектен бөлек, бірнеше отбасыға пәтер кілттерін де табыстап үлгерген.

Шарада төрт баланың әкесі және екі бөбекті өз қамқорлығына алған ақтөбелік Нұржан Есекеевке 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...