ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

16:37, 5 желтоқсан 2018

Жастардың тарихтан қол үзбеуі үшін үнемі ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатының ұстаздары осындай пікірде. Мектепте "Ұлы даланың 7 қыры" атты мақаласы қалай насихатталып жатыр.

Тарихыңды білмей, болашағыңды болжай алмайсың. Мұны мектеп оқушылары жақсы біледі. Қазақтың лиро-эпостық жырлары мен дастандарын жатқа айтып, тарихты  терең оқып жатқан балалар үшін, елбасы мақаласы да оқу құралы. Оқушыларды әсіресе, 19-ғасырдың аяқ жағында, Алматыға жақын маңнан табылған Сақ алтындары қызықтырады. Еліміз үшін өте маңызды болып саналатын бұл жаңалықты Мысырдағы Тутанхамон қабірінің табылуымен салыстыруға болады,- дейді жастар.

Мемлекет басшысы Ұлы дала тарихына із қалдырған ұлы тұлғаларды ұлықтау, өткенімізді тану болашаққа бағдар екенін айтты. Бұл мақала "Рухани жаңғыру" бағдарламасының заңды жалғасы, қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған құжат,- дейді мұғалімдер

Бағдарламалық мақала ұлттың тарихын, мәдениетін және құндылықтарын жас ұрпақтың санасына, жүрегіне сіңіру керектігін анық байқатады. Әңгімелесу форматында өткен шара барысында, оқушылар да өз ойларын қосты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...