ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҰЛЫ МҰРАНЫ ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУ - МІНДЕТ

17:31, 11 қыркүйек 2019

Ұлттық өнерді қолдау үшін әр облыстан қолөнер орталығы ашылуы керек. Бұл өңірге танымал зергер Болат Атыраубаевтың ұсынысы. Осы салада талмай еңбек етіп, баба мұрасын үздіксіз насихаттап жүрген шебер "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында біраз жұмыс жасалғанын айтады. Сол бағдарламаның жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы да ұлттық өнерді насихаттай түсті дейді.    Оның жасаған ұлттық бұйымдары облыста брендке айналған. Ол - ескі жәдігерлерді жаңаға айналдырған шебер.  Айтуынша, ұсталықты кәсіп етемін деп жоспарламаған. Оның ақ қағаз бетіне қолына қалам алып шимайлап салған суреттері қиялына қанат бітіріп, кейін осы  өнерге бет бұруына себеп болды. Бүгінде ол  сапалы дүниелерімен көпшілік ризашылығына бөленген, бармағынан бал тамған әйгілі зергер.  Болат Атыраубаев ендігі мақсатым - осы ұлы дала мұрасы - қолөнерді келесі буынға жеткізу-дейді.

БОЛАТ АТЫРАУБАЕВ /ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЗЕРГЕР

Менің түсіме де кіріп шыққан жоқ, зергер боламын, ұста боламын деген нәрсе. Осы қасиетті өнер жолына түсем деген мүлдем ойымда болған жоқ. Бала кезімде сурет салуды жақсы көрдім.  Басында айтқандай ұста боламын деп жоспарлаған жоқпын. Бұл маған берілген мүмкін Алланың сыйы шығар?! Кезінде әр түрлі салада жүрдім. Соны бәрін тастап осы салаға кетумді түсіндім. Мұны мен әр қарай зерттеуім керек, мұны мен әрі қарай насихаттауым керек, жастарға үйретуім керек деп.

Болат Атыраубаевтың мектебінен өтемін дейтін жастар көп. Бірақ зергердің айтуынша, көпшілік бұл өнер табандылық пен төзімділікті қажет ететінін түсіне бермейді. Шебердің қазір 4 шәкірті бар. Олардың арасында темірден түйін түйген қыз бала да бар. Ажар 4 жылдан бері ұстаханаға келіп жүр. Ұстазын үлгі тұтады.

АЖАР ӘБІЛОВА /Б. АТЫРАУБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ

Өте адамгершілігі мол, үйренем деген адамды бетінен қақпайды. Ерінбейді. менің алдыма оқушыны алып келе, шыдам жетпес еді. Ал ол кісі басынан аяғына дейін, тиянақты түсіндіреді.  Бұл кісіден үйренетін затымыз өте көп. әлі де үйреніп жатырмыз. Мен 4 жылда  зергер болып шықтым деп айта алмаймын бәрін білемін деп. Болат ағаймен отырып ескі заттарды саралаймыз, зерттейміз, соған қарап жаңа дүниелер жасаймыз.

Атасы ауыл ұстасы болған Болат Атыраубаевтың зергерлікпен айналысқанынан он жылдай уақыт болған.  Қолөнер бұйымдарын көне әдіспен, яғни қолмен жасайды. Ол осы атадан балаға кәсіп болған ұлттық өнерді сақтап, одан әрі дамыту үшін шеберлерге қолдауды күшейту керек екенін айтады.

БОЛАТ АТЫРАУБАЕВ /ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЗЕРГЕР

Әр облыста, әр қалада өолөнер орталығы керек міндетті түрде. Ол не үшін керек? Ол мына жойылып бара жатқан ұлттық өнерімізді насихаттау. Жиі айтамын. Сахнаға әнші, күйші, биші шықты, айтыскер шықты. Домбырасын кім жасады? Қолөнер шебері.  Әншінің киімін кім тікті? Тігінші. Зергерлік бұйымдарын кім жасады? Зергер. Ал сол шеберлерге қолдау қайда? Сол қолдау болса онда жатарымыз көбейеді

Болат Атыраубаев жақында Қостанай қаласының 140 жылдығы аясында ұйымдастырылған қолөнер фестиваліне қатысып келді. Қазір ол шәкірттерімен бірге қыркүйектің соңында Әзірбайжанда Түркі Халықтарының зергерлері сайысқа түсетін халықаралық конкурсқа қызу дайындалып жатыр.

 

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

 

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...