ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

18:28, 20 мамыр 2019

Шалқар ауданында  Ұранға аты шыққан- Ұран Бақтыбай батырдың 321 жылдығына арналған қазақ күресінен алғаш рет жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.  Жарысқа  еліміздің  5 аймағынан және Қырғыз елінен 17 команда қатысып,  220 спортшының бағы мен бабы қатар шапты.

Милал Иманқұлов бұл турнирге Қырғыз елінің Ыстықкөлінен келген. Жас палуанның Қазақстанға алғашқы сапары,  қазақ күресіндегі тұңғыш жарысы. Қазақ күресімен айналысқанына 3 жылдың көлемі болыпты. Ол айырқалпақты ағайынның бұл күреске деген ынтасының жоғары екенін айтады. 

Турнир аясында батыр туралы тарихтан дерек айтылды. Бақтыбай  Төлесұлы 1698-1760 жылдары өмір сүрген қазақтың даңқты батыры. Қалмақ-жоңғар басқыншыларына қарсы жанқиярлық соғысы кезінде өсіп, шыңдалып, барлық саналы өмірін қан майданда өткізген. 15 жасында Шектіге бас батыр қылып, ұран қойғанда ол патша басқыншыларына қиян кескі, келісімсіз-кешірімсіз соғыстар жүргізеді, олардың қамалдарын шабуылдап, бұзып, керуендерін ұстап, қара халыққа таратып беріп, отаршыларға үлкен тойтарыс жасаған.  

Батыр атындағы республикалық  турнир алғаш рет ұйымдастырылып отырғанымен, бұған дейін 2 жыл сайын облыс көлемінде өткізіліп келеді.Бұл елдік турнирде  жас палуандар 16  салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. 

«Басты мақсат- батыр ерлігін өскелең жасқа өнеге ете отырып, талантты спортшыларға жол ашу »,- дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, Ұран Бақтыбайдай аты аңызға айналған баһадүрлердің ерліктері - жас палуандарға мотивация.  Турнир аясында 64  жүлде сарапқа салынды.  Ақтөбе, Қызылорда, Ақтөбе, Қырғыз елінен келген спортшылар  топ жарды. Командалық есепте Ақтөбе облысы  жеңіс тұғырынан көрінді. 
Қонысбек Терекұлы

Тақырып бойынша материалдар

 МЕЙРАМБЕК АЙНАҒҰЛОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАДЫ
21:19, 17 қыркүйек 2019
МЕЙРАМБЕК АЙНАҒҰЛОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҒАНДАРҒА СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ
21:03, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҒАНДАРҒА СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАЙ АЛАДЫ
20:47, 17 қыркүйек 2019
ОҚУШЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАЙ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...